Мұғалім мәртебесі — ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында
Мұғалім мәртебесі — ел мерейі: Қазақстан педагогтердің еңбек жағдайы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің қорытындылары жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары арқасында Қазақстан мұғалімдердің жалақыға қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бес елдің қатарына енді. 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті.




