12.01.2026

*Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжайы*
Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжайы төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды:
1. Қазақ тілі маманы (0.25 бірлік)
2. Ән-саз маманы (0,5 бірлік)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.01-16.01.2026 ж. күндері аралығында
Конкурстың өтетін уақыты: 19.01.2026
Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат немесе тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
21.08.2025

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Нұршуақ» бөбекжайы ЖБҚ
📲 +7(702)115-99-94
📭 sadik_nurshuak@mailru
📌 Ералы бекеті, 519 ғимарат
